АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

МҰНАЙ – АРЗАН, БЕНЗИН – ҚЫМБАТ

скачанные файлы (1)Әлемдік нарықта мұнай бағасы бұрын соңды болмаған рекордтық деңгейге дейін арзандап жатыр. Соған сай мұнай өнімдірінің де бағасы түсуі тиіс еді. Мұнай өндіруші ел саналатын Қазақстанда да үш бірдей мұнай өңдеу зауыты бола тұра жанармай бағасы қымбат күйінде қалып отыр.

Осы аптада АҚШ-тың Мичиган штатында 1 литр бензин құны 12 центке түскен. АҚШ бойынша бензиннің 1 галонының орташа бағасы 1 доллар 89 центті құрап отыр. Бұл сомаға 3,8 литр бензин алуға болады деген сөз. Алайда, АҚШ-тың басқа штаттары мен ірі қалаларында бензин бағасы мұнша құлдыраған жоқ.   

Мұнайдың үстінде отырып қымбат бензин тұтынуымыздың басты себебі мұнай өңдеу зауыттарына шикізатты Ресейден алатынымыз, жоғары октанды бензинді де солтүстік көршімізден таситынымыз болып отыр. Елдегі бензин бағасына ең алдымен Ресей рублінің бағамы ықпал етеді.

GlobalPetrolPrices сайты ұсынған мәліметтерге сенсек, әлемдегі 1 литр бензиннің орташа бағасы 0,97 доллар. Түрлі елдердегі бағалардың біршама айырмашылығы барын жоққа шығара алмайсыз. Мысалы, бензиннің бағасы Венесуэллада (0,02 доллар), Ливияда (0,14 доллар), Алжирде (0,20 доллар) ең арзан күйінде сақталып отыр. Ең қымбат бензин Гонконгте (1,81 доллар), Нидерландта (1,66 доллар) және Норвегияда (1,62 долар) болып отыр. Бұл көрсеткіштерге қарасақ, Қазақстан бензин бағасы ең төмен елдердің қатарына кіреді. Бізден арзан бензин тұтынатын Венесуэлла, Ливия, Алжир, Кувейт, Сауд Арабиясы, Түркменстан, Иран, Катар мен Бруней сынды тоғыз-ақ ел бар екен.

Оны GlobalPetrolPrices ұсынған тізімнен көре аласыз:

1. Венесуэла  $ 0.02 ( 7.6 тг.)

2. Сауд Арабиясы  $ 0.23 (87.4 тг.)

3. Түркменстан  $ 0.27(102.6 тг.)

4. Иран  $ 0.32 (121.6 тг.)

5. Қазақстан $ 0.37 (142 тг.)

6. БАӘ $0.43 (163.4 тг.)

7. Ресей $ 0.49 (186.2 тг.)

8. Қырғызстан $ 0.52 (197.6 тг.)

9. АҚШ $ 0.59 (224.2 тг.)

10. Колумбия $ 0.61(231.8 тг.)

11. Беларусь $ 0.62 (235.6 тг.)

12. Ауғанстан  $ 0.64 (243.2 тг.)

13. Тунис  $ 0.77 (292.6 тг.)

14. Австралия $ 0.85 (323 тг.)

15. Гондурас $ 0.89 (338.8 тг.)

16. Бразилия $ 0.90 (342 тг.)

17. Аргентина $ 1.01 (383.8 тг.)

18. Испания $ 1.24 (471.2 тг.)

19. Германия $ 1.37 (520.6 тг.)

20. Гонконг $ 1.81 (687.8 тг.).

Яғни, жанармай нарығында бензин бағасы тек мұнайға қарап түзілмейтінін, өнімнің өзіндік құнымен қоса, түрлі салықтар мен тасымал шығынана қарай қалыптасатыны анық.

Ал,мұнай өндіргенімен оны өңдеуді ұқсата алмай отырған Қазақстанда арзан бензин туралы әңгіме қозғау – қаласақ та, қаламасақ та негізсіз талап.

«Қамшы» сілтейді