АЛТЫНОРДА
Новости

Мұнайдан соң рубль бағасы да арзандай бастады

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандап жатқан тұста Ресей рублінің АҚШ доллары мен еуроға шаққандағы бағамы тағы да төмендеді.

Бүгін Мәскеу қор биржасында таңертеңгілік саудада бір доллар 65 рубль, ал бір еуро — 77 рубльден сатылды.

Мұнай бағасының арзандауы мен батыс елдерінің Ресейге Украинадағы саясаты үшін қатаң экономикалық санкциялар салуынан кейін өткен жылы рубльдің долларға шаққандағы бағамы 40 пайызға дейін құлдыраған.

Желтоқсанның 16-сында бір АҚШ доллары 80 рубльге дейін қымбаттап, жаңа жылға таман үкімет ұлттық валюта бағамын тұрақтандыру үшін миллиардтаған доллар қаржы жұмсағаннан кейін ғана рубль бағасы қайтадан аздап тұрақтана бастаған.

Қаңтардың 13-інде әлемдік қор нарықтарында мұнай бағасы соңғы алты жылда болмаған деңгейге дейін арзандады. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 45,84 долларға, WTI маркалы мұнай бағасы 44,90 долларға дейін түсті.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150113/330/330.html?id=26791137