АЛТЫНОРДА
Новости

Мұрат Оспанов сотта айыбын мойындамады

Табиғи монополияны реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы, коррупциялық қылмыс жасады деп айыпталған Мұрат Оспанов бүгін сотта «заңға қайшы ешқандай әрекет жасамағанын» мәлімдеді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Қаржы полициясы Мұрат Оспановты «табиғи монополиялар субъектісіне болысқаны және оларды қорғағаны үшін 200 мың доллар пара алды» деген күдікпен былтыр шілденің 1-і күні тұтқындаған. Кейінірек тергеу «шенеунік параның тағы бір бөлігін — 100 мың АҚШ долларын бұрынырақта алып қойған» деген ақпарат таратты. Тергеушілердің айтуынша, жалпы сомасы 300 мың доллар ақша Оспановтың көмекшісі Ергешев арқылы берілген.

Қарашаның 11-інде Астанада басталған Оспановтың сотында бүгін айыпталушылардан жауап алына бастаған. Оспановтың айтуынша, ол 200 мың АҚШ долларын «қызының үйлену тойына көмек ретінде ұсынған алматылық танысы Арман Ақтайдан алған». Бірақ Оспанов ағасымен сөйлескен соң ол ақшаны қайтарып беруді жөн деп тапқанын айтады.

— Мен оны өзімнің досым деп санап, одан ақшаны қарызға алуға келіскенмін. Оның менің атымды пайдаланып кететінін білген жоқпын, — деді сотта Мұрат Оспанов.

Оспановтың сөзіне қарағанда, ол Арман Ақтайдың сол кезде аймақта электр энергиясының бағасын қымбаттатуға өтініш берген «Атырау-Жарық» компаниясының өкілі екенін білмеген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150126/330/330.html?id=26813604