АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

MWC 2015. Samsung Galaxy S6 смартфоны дөңес дисплейге ие болды

MWC 2015. Samsung Galaxy S6 смартфоны дөңес дисплейге ие болдыОңтүстіккорейлік Samsung компаниясы көптің күткен смартфонын жарыққа шығарды. Mobile World Congress 2015 мобильді конгресс аясында Samsung Galaxy S6 флагманды смартфонының екі нұсқасы көрмеге қойылды.

Барселона қаласында өтіп жатқан халықаралық көрмеде таныстырылған Samsung-тің басты өнімдері болып табылатын S6 смартфондары мобильді конгрестің көзайымына айналды. Айта кетсек, Galaxy S6 Edge флагманды өнімі өткен жылы сатылымға шыққан Samsung Galaxy Note Edgeсынды дөңес дисплейге ие болған.

Осыған дейін берілген инсайдерлердің ақпараты өтірік болмай шықты. Айта кетсек, гаджет өзінің қалыпты дизайнын өзгерпеген. Дегенмен, оның ені біршама жұқарғаны белгілі болып отыр. Смартфонның негізі Gorilla Glass 4 қорғанысына ие 5,1-дюймді Super AMOLED дисплеймен жабдықталған.

Оңтүстіккорейлік компанияның өз өнімін толығымен фирмалық гаджет етіп шығаруға тырысып жатқанына бірнеше жылдың көлемі болды. Бүгін таныстырылған смартфонның ішкі құрылымы да дерлік толығымен фирмалық өнімді қамтыған. Мысалы, ARM big.LITTLE құрылымындағы 64-биттіExynos 7420 фирмалық чипі смартфонның негізін құрайды. Сонымен қатар, 2,1 ГГц жиілікпен жұмыс істейтін 4-ядролы Cortex-A57 процессоры аппараттың қосалқы қызметін атқарады. Ал смартфонның жедел жадысы LPDDR4 типті 3 Гбайт-қа ие болуы, аталған өнімді қазіргі нарықта бар Android-телефондардың арасындағы ең қуатты смартфонға айналдырған.

Galaxy S6 девайсының ақпарат сақтау мүмкіндігіне UFS 2.0 типіндегі 32/64/128 Гбайт нұсқалары қамтылған. Өнімнің f/1,9 диафрагмасына ие 16 мегапиксельді негізгі камерасы фото және видео түсірілімдердің сапасына жауапты. Одан бөлек, селфиге арналған алдыңғы камерасы 5 мегапиксель сапаға ие болып отыр.

Айта кететін жәйт, Galaxy S6 және Galaxy S6 Edge флагманды смартфондары жылдам қуат алу технологиясымен қамтамасыз етілген. Мысалы, 10 минут қуат алған гаджет 4 сағат белсенді жұмыс істей алады. Edge нұсқасы дөңес дисплейден бөлек, қондырылған қуат жинақтағышымен ерекшеленеді. Ал қалған техникалық мінездеме екі смартфонға да бірдей.

Жаңа девайстардың өзге де техникалық мінездемесі мынадай:

Қондырылған NFC-чипі;

GPS қолдауы;

Бармақ ізін сканерлеу функциясы;

LTE Cat.6Bluetooth 4.1Wi-Fi 802.11 a/b/g/n/ac модульдері;

Бүгін таныстырылған жаңа смартфонның әлемдік нарықтағы жаппай сатылымы ағымдағы жылдың 10 сәуіріне белгіленген. Ал оның әр ел нарығындағы орташа бағасы әзірге белгісіз болып отыр.

http://massaget.kz/layfstayl/tehno/zhaalytar/26086/