АЛТЫНОРДА
Новости

МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАДЫ

Канаданың «Suncor Energy» мұнай өндіру компаниясы 1 мың қызметкердің жұмыстан шығарылатынын және осы жылы бөлінетін қаражат көлемі 1 млрд долларға азайтылатынын жария етті. 

Хабарламада нақтыланғандай, компания басшылығының мұндай қадамға баруына әлемдік нарықта мұнай бағасының құлдырауы себеп болған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Компанияның шығыны оның активінен төмен болуы үшін біз осындай шешім қабылдап отырмыз. Баға конъюнктурасы үнемі біздің бақылауымызда және қажет болған жағдайда біз тиісті шараларды қолға аламыз», — деді Suncor Energy бас атқарушы директоры Стив Уильямс.

Қазіргі таңда компанияда 14 мыңға жуық адам еңбек етеді. Уильямстің айтуынша, штатты қысқарту процесі негізінен мердігер ұйымдарда жүргізілмек, алайда компанияның ішіндегі қызметкерлерге де қатысты шешім қабылданады.

 Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/63571