АЛТЫНОРДА
Новости

«Нағима» Пусанға жолдама алды

434_a15363d7360abd17f8e1778b1d1ac77bАстана 30 тамыз. Baq.kz — Қазақстандық режиссер Жанна Исабаеваның «Нағима» көркем фильмі Пусанда өтетін XVIII халықаралық кинофестивальге қатысатын болды. Бұл туралы Tengrinews.kz порталына фильмнің режисері хабарлады.

Жанна Исабаеваның айтуынша, ол бұдан басқа Gala Presentation және Торонтода өтетін беделді кинофестивальге қатысуға шақырту алған. Алайда, режиссер өз туындысының халықаралық деңгейдегі алғашқы көрсетілімін Пусанның еншісіне қалдырған.
«Мен Пусан кинофестивалін жақсы көремін. Бізге осындай мүмкіндік бергені үшін қуаныштымын. Бұл киноны түсіруде бізде қаржылай дағдарыс болды десем өтірік айтпаспын. Алайда, 12 адамнан құралған ұжым, өз міндетін жоғары деңгейде атқарды. Шығармашылық жағынан ешқандай да шектеу болмады. Туындыны небәрі 11 күннің ішінде түсіріп біттік», — деді Жанна Исабаева.
Пусанда өтетін халықаралық киофестивальге қазақ режисерлерінен Ербол Жұмағұлов та қатысатын болды. Ол өзінің «Кітап» атты туындысын жолдаған екен. Бұл көркем фильмде басты рөльді «Ликвидатор» фильмінде ойнаған Берік Айтжанов сомдады. Ал басты рөльдегі әйел бейнесін ресейлік Юлия Зимина алып шыққан болатын.

http://www.baq.kz/kk/news/34842