Брюссельдегі НАТО-ның штаб-пәтерінде жұма күні әскери альянстың қызметі туралы жыл сайынғы есебінде ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинадағы дағдарысқа қатысты Ресейді қатты сынға алды.
“Шығыс аймақта Ресей тарапынан алаңдатарлық үрдіс жалғасып отыр. Қырымды аннексиялау үшін әскер күшін пайдаланды, Украинаның шығысында тұрақсыздық туғызды және көршілерін қорқытты. Сонымен бірге халықаралық құқық нормаларын елемеді. Осылайша, біздің қауіпсіздік ортамыз түбегейлі өзгеріске ұшырады” деп мәлімдеді Столтенберг.
2014 жыл Еуропа қауіпсіздігі үшін жақсы жыл болмағанын айтып, оны “қара жыл” деп сипаттаған НАТО басшысы өз есебінде ұйымға мүше елдерге қауіп-қатер төндіретіндер қатарында Жерорта теңізінің шығыс бөлігі, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймақтарын атаған.
Источник: Азаттық
http://www.qazaquni.kz/?p=33044