АЛТЫНОРДА
Новости

НАУРЫЗ КӨЖЕ ДҮКЕНДЕ САТЫЛАДЫ

Жағымды жа­ңалыққұмар ға­лымдар наурыз кө­жені жыл бойы ішу­дің жолын тапты. Дүкен сөреле­рінен күнделікті кө­ріп жүрген қытай лапшасын ішпеген жан жоқ. 

Тіпті ұйғыр ағайындар да лағ­мандарын құрғақ тамақ ретінде саудаға шығарып, демде пісетіндей әдіспен шығаруды жолға қойды. Ой­лап отырсақ, жұртты қызықтырған наурыз көжені де жарты­лай фабрикат түрінде шығаруға әбден болады екен. Бәрі­нен қызығы, бұл асты шығаруды өндіріске қояр болсақ, ол туристер үшін де таптырмас құнарлы ас болмақ.

Ғалымдар ашқан жаңалық – наурыз көже жыл сайын Нау­рыз тойларында дәм та­тып жүрген астан айырмашылы­ғы болмайды. Құрамындағы дән мен дәм де өзгермейді.

– Барлық қоспалар ар­найы өңдеуден өтеді. Кептіріліп, дәм­деуіштер қосылған соң, қап­тауға жіберіледі, – дейді Дула­­ти атындағы Тараз мемлекет­тік университеті биотехнология жә­не қайта өңдеу өндірісі ка­федрасының оқытушысы, тех­ника ғылымдарының докто­ры Айжан Мыңбаева. Айжанның айтуынша, та­ғам табиғилығымен тамсанды­рып, жұғымдылығымен жұ­-

тын­дырып, сіңімділігімен се­нім­нен шықпақшы. Осылайша 20 ми­нутта наурыз көже ішіп оты­ратын боласыз. Өкінішке қарай, баянды бас­та­маны іліп алып кететін кә­сіп­керлер қайдан, қашан шыға­ры белгісіз. Ғалымдар жаңа өнді­­ріс ашуға шамамен 3 миллион тең­ге жұмсалады. Ол 1,5 – 2 жылда өзін-өзі ақтайтын өндіріс орны­на айналатындығына кепілдік беріп отыр.

Ал наурыз көженің қапта­малары қалай безендірілетіні бәріміз үшін қызық…

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/45946