АЛТЫНОРДА
Новости

Наурыз мерекесі күндері Астанада көптеген спорттық шаралар өткізіледі

Астана. 19 наурыз. Baq.kz — 22 наурызда басты спорттық жарыстар Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда, сондай-ақ аудандардың орталық алаңдарында және «Пригородный», «Талапкер», «Железнодорожный», «Өндіріс», «Мичурино», «Көктал» және «Үркер» елді мекендерінде өтеді. Бұқаралық жарыстар сағат 10.00 басталады.

Бұдан басқа, спорттық-мерекелік бағдарламаға: 18-23 наурызда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде таэквондодан жасөспірімдер арасында ашық қалалық жарыс, 19 мен 21 наурызда елордалық шаңғы-роллерлік трассада шаңғы жарысы, 21-25 наурызда «Қазақстан» СК су добынан ҚР чемпионатының шешуші кезеңін өткізу енгізілді.

22-26 наурызда «Сайран» футбол алаңында кішкентай спортшылар арасында футболдан турнир өтпек. 22 наурызда «Астана-Арена» стадионында «Ақтөбе» мен «Шахтер» командаларының кездесуімен ҚР чемпионатының жаңа маусымы ашылады. 23-29 наурызда «Кеден» СК ерлер арасында волейболдан ҚР чемпионатының төртінші кезеңі өтетін болады. Жеңіл атлетиканың жанкүйерлері де назардан тыс қалған жоқ — 23 наурызда Астаналық саябағында 10 км шақырымға жүгіруден IV қысқы Астана Кубогы өтеді. Ал 24 наурызда «Дәулет» СК теннистен халықаралық жарыс басталады. Наурыз мейрамына орай спорттық іс-шаралардың шеңберіндегі соңғы жарыс — 25 наурызда «Еуразия» СК өтетін балалар үйлерінің шәкірттері арасында шағын футболдан сайыс болады.

 

http://baq.kz/kk/news/44888