АЛТЫНОРДА
Новости

Назарбаев: Ресей мен Украинаны ымыраға шақырамын

«Қазақстан Украинаның территориялық тұтастығын қолдайды және Донбастағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге шақырады» деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Киевте Украина президенті Петр Порошенкомен кездесуде.

Нұрсұлтан Назарбаев «Украина мен Ресейді Донбастағы қақтығысты тоқтату үшін ымыраға келуге» шақырды.

Қазақстан президенті кездесуде Донбастағы қақтығысты реттеу туралы Минск келісімінің маңызды екенін айтып, бейбіт реттеу процесіне қосылуға ынталы екенін білдірді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141222/330/330.html?id=26756806