АЛТЫНОРДА
Новости

Назарбаев теңгені қолдауға шақырды

Билік теңге бағамының күрт құбылуына жол бермеудің барлық шарасын жасайды деп мәлімдеді 11 ақпанда Астанада үкіметтің кеңейтілген жиынында сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Ұлттық компаниялардан ақшаларын айырбастау арқылы теңгеге қолдау көрсетуді сұраймын. Әрине, мұнда келісіп алу керек. Бұл жерде теңге үшін өте маңызды тұстар бар» деді президент Назарбаев.

2014 жылдың соңында ұлттық банк пен Қазақстан үкіметі «сыртқы факторлардың нашарлауына», Ресей рублінің құлдырауы мен мұнай бағасының арзандауына қарамастан 2015 жылы айырбас бағамының күрт құбылуы болмайды деп мәлімдеген.

Осыдан бір жыл бұрын, 2014 жылы ақпанның 11-і күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны күрт арзандап кеткен. Ол кезде ұлттық банк 1 АҚШ долларының құнын бұрынғы 150 теңге шамасында ұстап тұрудан бас тартып, айырбас бағамын 185 теңге деп белгілеген.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26841558