Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыс кезінде жалақы мен зейнетақы көлемін төмендетпеуге уәде берді, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.
«Біз дағдарыс кезеңінен шығамыз, ал дағдарыс көпке созылмайды, белгілі болғандай, екі жыл, үш жыл, ары кетсе бес жылға созылуы мүмкін. Бұл бізге зейнетақы мен жалақыны төмендетпеуге мүмкіндік береді, көтере алмайтын шығармыз, бірақ біз оны сақтап қала аламыз. Ел дами береді», — деді ол «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында халыққа 2015 жылға арналған Жолдауын жария еткен кезде.
Назарбаев, сонымен қатар, 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы тойланатынын ескертті.
«Біз ешкімнің құқығын шектемей, өзгелердің абыройын түсірмей, тұрақтылықты қуаттай түстік, осы арқылы барлық азаматқа тең мүмкіндік бердік. Біз осы бағытта қозғала береміз. 2015 жыл — мерейтойлар жылы, ұлттық тарихты ұлықтау жылы және бүгінгі жетістіктерімізді әділ бағалау жылы», — деді Назарбаев.
Толығырақ: http://alashainasy.kz/alash/nazarbaev-jalakyi-men-zeynetakyinyi-azaytpauga-uade-berd-57290/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі