Нұрсұлтан Назарбаевтың сөз сөйлеуі кезінде тілін шығарып, танымал болған астаналық студент Инна Мальцева түсініктеме беруі үшін «Нұр Отанға» шақыртылғанын мәлімдеді. Бұл туралы бойжеткен өзінің Instagramпарақшасында жазды.
Бұған дейін ол оғаш әрекетіне түсініктеме беретін жазба жариялаған болатын.
«Мен туралы жаман ойлап қалғандардың бәрі мені сөкпей, түсіністікпен қарайды деп үміттенемін. Себебі, негізінен мен ондай оғаш әрекеттер жасайтын адам емеспін. Мен қашан да іс-шараларда өзімді жақсы ұстай білемін және әр адам баласын ұлтына бола алаламай, сыйластықпен қараймын. «Ешкімді сөкпе, өзің де сөгіске ұшырамайсың» деген қағидамен өмір сүремін. Мен үшін бұл жағдай және маған деген бұрыс көзқарас өте жағымсыз… Тағы да кешірім сұраймын. Адами тұрғыдан түсіністікпен қарайсыздар деген үміттемін», — деп жазған бойжеткен.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, студент қыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөз сөйлеуі кезінде тілін шығарған болатын.