АЛТЫНОРДА
Новости

Не істерімді білмеймін, біз қатты шаршадық – Қайрат Нұртастың анасы

e6b09f995577d2a31c9ee25daf3dddb8Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова кеше түнде Алматыда болған тәртіпсіздіктерден кейінгі әртістің жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Оның көңілі жай таппай жүр, әрі өте қатты шаршаған. Ауруханаға түскен жоқ, Ақтауда өнер көрсетіп жатыр. Сол оқиғадан кейін маған дереу қоңырау шалды. Оған моралдық тұрғыдан өте қиынға соғуда. Не істерімді білмеймін, біз қатты шаршадық», — дейді әншінің продюсері Гүлзира Айдарбекова.

Оның сөзіне қарағанда, әнші кешегі оқиғаға өте қатты алаңдаулы екен. Оқиғаның мән-жайы ертең Қайрат Нұртастың анасы жоспарлап отырған баспасөз мәслихатында белгілі болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, 31 тамызда сағат 21.08-де ШБО-ға Райымбек пен Саин көшелерінің қиылысындағы «Прайм Плаза» ойын-сауық орталығы алдында жаппай төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың концертіне екі мыңға тарта адам жиналған. 

Жүргізуші Данияр Батырбаевтың сөзіне қарағанда, Қайрат Нұртас концертті аяқтамай, сахнадан түсіп кетіпті. Оған көпшілік наразылық білдірген, соңы жаппай төбелеске ұласады. Жастар сахнаға тас пен пластик бөтелкелер лақтырған (кейін бір-біріне).

Алдын ала мәлімет бойынша қызметтік және азаматтық автокөліктер зақымданған.Құқық қорғау органдары аумақты қоршауға алды.


http://lite.bnews.kz/