Тараптар екі ел халқы арасындағы сауда-экономикалық, дипломатиялық және мәдени байланыстарды ары қарай нығайту қажеттігін атап өтті.
Біздің мемлекетіміздің Басшысы атап өткендей, бүгінде Қазақстанда үш жүзден астам американдақ–қазақстандық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеуде. Республикадағы қолайлы инвестициялық климат және ішкі әлеуметтік тұрақтылық Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы достық және қызметтестік байланыстарды одан ары нығайтуға алғышарттар тудыруда.
Өз кезегінде АҚШ президенті Барак Обама Ауғаныстандағы саяси жағдайды тұрақтандырудағы Қазақстанның үлкен рөлін атап өтіп, планетадағы ядролық қауіпсіздікті нығайтуға еліміздің қосып отырған баға жетпес үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді.
Аударған Қайрат Матреков