АЛТЫНОРДА
Новости

Нитраты көп жеміс пен көкөністер анықталды

загруженное (2)
Астана. 18 қыркүйек. Baq. kz — Қазақстанның санитарлық қызметкерлері биылғы жылы мамыр-тамыз айларында жеміс пен көкөністердің бірқатар партияларында нитраттың шамадан тыс көп екендігін анықтады.

Нитраттың жоғары құрамы құлпынай, шие, шабдалы, қараөрік, картоп, пияз, редис, баклажан, банан, қияр, қарбыз, қауында байқалған. Бұл өнімдер Қытай, Өзбекстан, Ресей, Литва, Пәкістан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан әкелінген.
Өзбек қарбызында нитраттың нормадан 2-2,5 есеге көп екендігі, қытайлық баклажанда 1,5 есе, Пәкістан картобында 3-3,5 есе артық екендігі анықталған.
Бұл өнімдердің басым бөлігінің құжаттары болмаған.
Анықталған бұзушылықтар бойынша жалпы алғанда 141 айыппұл салынды, жалпы сомасы1 млн 187 мың 328 теңге.
Құрамында нитраты шамадан тыс жоғары өнімдер жойылды.

 

http://baq.kz/kk/news/35891