АЛТЫНОРДА
Новости

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚЫТАЙҒА БАРДЫ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында Шанхайға келді. 21 мамырға дейін жалғасатын аталған сапар аясында жалпы сомасы шамамен 8 млрд долларға 15 екіжақты құжатқа қол қою жоспарлануда.

Олардың көпшілігі өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, ауыл шаруашылығы, химиялық және энергетикалық жобаларды іске асыруға бағытталған.

Бүгін Мемлекет басшысының ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізуі күтілуде, оның қорытындылары бойынша екі ел басшыларының қатысуымен бірқатар келісімдерге қол қойылады, сондай-ақ Ляньюньган порты мен «KTZ Express» АҚ әкімшілігінің бірлесіп басқаруымен Ляньюньган портында терминалдың бірінші кезегін іске қосу рәсімі өтпек.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/49428