АЛТЫНОРДА
Новости

Нұрсұлтан Назарбаев түркітілдес мемлекеттерге бірлескен телеарна құруды ұсынды

АСТАНА. 6 маусым. BAQ.KZ – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркітілдес мемлекеттерге бірлескен телеарна құруды ұсынды.

Түркияның Бодрум қаласында түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің төртінші саммитінде сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, ол телеарна түрік, ағылшын және орыс тілдерінде хабар таратуы қажет. Қазақстан Президенті «Әл-Жазира, ВВС сияқты ол телеарна түркі дүниесін әлемге насихаттауда оң роль атқаратынын» айтады.

http://baq.kz/kk/news/48304