Маңғыстау облысындағы
Жаңаөзен қаласының прокуроры
Е.Б.Қызамбаев мырзаға
Джетибаева Баян Жалгасовнадан,
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қ.
5 ықшам ауданы, 69 үй, 6 пәтерде
тұрамын, үй тел.8-729-34-5-02-31
Күдікті Джетибаев Батырбек Низамединовичке байланысты №14471803101475 санды қылмыстық іс Сізге айыптау актісімен келіп түскен.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 303 бабының 1 бөліміне сай, күдікті Джетибаев Батырбек Низамединовичке қатысты бұрын таңдалған бұлтартпау шарасының күшін жойып, күзетпен ұстауға өзгертуіңізді сұраймын.
Себебі, тергеліп біткен оқиғадан басқа, яғни 13.05.2013 жылы сағат 11:00 шамасында, Жаңаөзен қаласы, Шаңырақ шағын ауданында орналасқан «Бөкен» базарының кеңсесінде Джетибаев Б.Н. мені ұрып, дене жарақаттарын түсірген болатын.
Күдікті Б.Н.Джетибаев менің қыздарымның басын кесіп алам деп, бізді қорқытып келеді.
Жоғарыда көрсетілген жағдай бойынша Джетибаев Батырбек Низамединовичті Қазақстан Республикасының ӘКБтК-нің 79-3 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танып, оған осы баппен жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасын сот қолданған еді.
Бірақ, әкімшілік істе бар 23.05.2013жылы өткізілген №01-04/597 сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан, маған дене жарақаттары түсірілгені көрініп тұр.
Аталған құжат күдікті Джетибаев Батырбек Низамединовичтің қоғамдық жерде мені ұрып, маған дене жарақаттарын түсіргенінің, яғни Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде көрсетілген бұзақылық жасағанының бұлжымайтын дәлелі болып табылады.
Осыған байланысты, Джетибаев Батырбек Низамединовичке қарсы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы 2013 жылғы қаулыны бұзып, жоғарыда көрсетілген жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабымен қылмыстық іс қозғауыңызды сұраймын.
Бұдан басқа, «Бөкен» ЖШС-тің директоры күдікті Б.Н.Джетибаевтың алдау жолымен маған мүлiктiк залал келтiрді және сот кесіп берген мүлікті заңсыз сатып жатыр деген менің 03.03.2015 жылы жазған арызым бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 195 бабының 2 тармағымен 17.04.2015 жылы №154718031000547 санды қылмыстық іс қозғалған.
Бұндай жағдайда, қозғалған қылмыстық істер Сізге айыптау актісімен келіп түскен қылмыстық іспен біріктіріліп, бірге тергелуі қажет, себебі күдікті Б.Н.Джетибаев менің мүлкімді алдау жолымен иемденіп, тек сол мүлік үшін мені бір емес, бірнеше рет ұрып соққыға жықты.
Демек, күдікті Джетибаев Батырбек Низамединович Сізге келіп түскен қылмыстық істен басқа, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабының 2 бөлімінің 3 тармағында және 195 бабының 4 бөлімінде көрсетілген қылмыс жасады деп танылуы қажет.
Сізге айыптау актісімен келіп түскен қылмыстық іс құжаттарынан, қасақана қылмыс жасаған Б.Н.Джетибаев өзінің кінәсін мойындамай, тергеу кезінде қойылған сұрақтарға ашық жауап бермей, өтірік айтып, жауапкершіліктен тасалау амалдарын қолданып отырғаны анық көрінеді.
Күдікті Б.Н.Джетибаев мені майып қылғанына қарамастан, осы күнге дейін маған келіп кешірім сұрамады, жасаған қылмысының залалын өтеудің орнына, мені жанұяммен бірге қорқытып келеді.
Бізді әрі қорқыту ойымен 04.06.2013 жылы таңғы сағат 04-00 шамасында менің үйімнің жанында тұрған «Тойота Фортунер» маркалы мемлекеттік номері R 418 KEM санды автокөлігімді өртеп кетті.
Бұл оқиға бойынша №13471803100773 санды қылмыстық іс қозғалса да, бірақ ол қылмыстық іс жөнді тергелмей жатыр.
Аталған жағдайлар, күдікті Б.Н.Джетибаевтың тиісті қорытынды шығармағанын, түзелу жолына түспегенін және бұдан да басқа зор қылмыстар жасау мүмкіндігін көрсетеді.
Күдікті Б.Н. Джетибаевтың, оған таңдалған бұлтартпау шарасын орындамаған, Жаңаөзен қаласынан бірнеше рет шығып кетіп,оны Ақтау және Атырау қалаларында көрген жерлестеріміз айтып отыр.
Жәбірленуші: — Б.Ж.Джетибаева
15 мамыр 2015 жыл.