АЛТЫНОРДА
Новости

Обама АҚШ конгресіне келетін Нетаньяхумен кездеспейді

АҚШ президенті Барак Обама наурыз айында конгресс алдында сөйлеуге келетін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездеспейді. Бұған дейін АҚШ конгресі сенатының спикері Джон Бонер Нетаньяхуды конгрессте радикалды ислам қаупі мен Иранның ядролық бағдарламасы жайлы сөйлеуге шақырып, Израиль премьері ол ұсынысты қабыл алған.

Обаманың өкілдері Нетаньяху АҚШ-қа сапарын Израильде наурыздың 17-сіне белгіленген парламент сайлауы қарсаңында жасайтынын айтып, президенттің онымен кездеспейтінін хабарлады.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесі президенттің шешімі «елгі бұрыннан бар тәжірибе мен ұстанымдарға сай келеді» мәлімдеді. Ақ үй әкімшілігі де конгрес спикерінің ұсынысын елге шетел басшысын шақыру хаттамасын өрескел бұзу деп атады.

АҚШ мемлекеттік департаменті де мемлекеттік хатшы Джон Керри Беньямин Нетаньяхумен кездеспейтінін мәлімдеді.

Жоспар бойынша, Нетаньяху сапарында Вашингтонда қоғамдық істер жөніндегі америка-израиль комитеті ұйымдастыратын конференцияға да қатысады. Бұл комитет АҚШ-тағы Израиль мүддесін қорғайтын ең ірі ұйым саналады.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150123/330/330.html?id=26808905