АҚШ президенті Барак Обама Вест-поинт әскери академиясында сөйлеген сөзінде елінің терроризммен күрес стратегиясы өзгергенін хабарлады.
Ол АҚШ-тың халықаралық терроризммен күреске арналған 5 миллиард долларлық қор құру ниеті барын да айтты. Бұл қаржы қарулы экстремизммен күресетін мамандарды дайындауға, осы бағытта әрекет ететін басқа елдермен әріптестікті дамытуға арналмақ.
Обама АҚШ әскери күшті, ел мүддесі талап етсе біржақты түрде де, қолданатынын мәлімдеді.
http://www.azattyq.org/archive/news/20140528/330/330.html?id=25402042