АЛТЫНОРДА
Новости

Обама: Ресейге қарсы жаңа санкциялар салынады

АҚШ президенті Барак Обама Ресейдің Украинадағы дағдарысты реттеуге қатысты халықаралық келісімді орындамай отырғаны үшін салынатын жаңа санкциялары 28 сәуір күні жарияланатынын мәлімдеді.

Филиппинге сапары кезінде Обама жаңа санкциялар Ресей президенті Владимир Путинге жақын адамдар мен Ресейге жоғары технологиялық тауар экспорттайтын компанияларға салынатынын айтты.

Оның сөзінше, Ресейдің «Украина дағдарысын бейбіт реттеуде мүмкіндігі болғанымен, ол жолды таңдамады».

Барак Обама соңғы санкциялар Ресейдің ұстанымын өзгертуге бағытталғанын, бірақ «санкциялар Мәскеудің саясатына ықпал ете алатынына күмәні барын» айтты.

Сонымен бірге ол «егер Мәскеу Украинаға қатысты агрессиялық саясатын бұдан ары жалғастыра берсе, онда Ресейдің банк және қорғаныс саласына да санкциялар салынуы мүмкін» деп ескертті.

Еуропа Одағының дипломаттары да бүгін Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуды талқылайды.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140428/330/330.html?id=25365061