АҚШ президенті Барак Обама 4 маусым күні Варшавада Украинаның жаңадан сайланған президенті Петр Порошенкомен кездесті. Кездесуде не айтылғаны туралы әзірге хабарланған жоқ.
3 маусым күні Варшаваға барған Обама Еуропаға уақытша жіберілетін америкалық әскер санын көбейту үшін 1 миллиард АҚШ долларын бөлуге уәде берген.
НАТО Ресейді «Украинаның шығысындағы тәртіпсіздіктерге дем беріп отыр» деп айыптайды.
НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен 3 маусым күні Брюссельде альянс таяуда Украина армиясын модернизациялау және реформалауға көмек көрсету туралы шешім қабылдайтынын мәлімдеген.
НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлерімен кездескен Андерс фог Расмуссен одақтас елдерді Украинадағы дағдарысқа байланысты қорғаныс бюджетін көбейтуге шақырған.
http://www.azattyq.org/archive/news/20140604/330/330.html?id=25409738