АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОБЛЫСТЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ҚЫРКҮЙЕК АЙЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2015Өнеркәсіп өнімінің көлемі 460,6 млрд. тг. құрап, 3,4% артты. 
Кен өндіру өнеркәсібі 126,8 млрд. тг., өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі – 289,8 млрд. тг. құрады. 
Салада ет өнімдерін өндіру және қайта өңдеу —  3,6%, сүт өнімдері — 10,0%,  жеңіл өнеркәсіп — 25,7%, оның ішінде тоқыма бұйымдары — 27,4%, химиялық өнеркәсіп өнімдері 21,8% артқан.
Бірінші бесжылдықта Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы инвестиция көлемі 184 млрд.тг. құрайтын 137 жоба іске қосылып, 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.
Индустрияландыру картасының жобаларымен бүгінгі таңға дейін 154 млрд.тг. жуық өнім өндірілді (о.і., 2012 ж. – 16,1 млрд.тг., 2013 ж. – 25,1 млрд.тг., 2014 ж. – 56,7 млрд.тг., 2015 ж. 9 ай – 55,8 млрд.тг.)
2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жаңа индустрияландыру картасы қабылданып, 869 млрд.тг. құрайтын 115 жоба енгізілді.
Бүгінгі таңда 2 жоба іске қосылып, 420 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін құны 28 млрд.тг. құрайтын қосымша 27 жоба,1734 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
 
Ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттен 21,8 млрд. тг. көлемінде субсидия бөлініп, 2014 жылдан 12,4 % артты.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 247,3 млрд. тг. құрап, 4,0% артты.
Оның ішінде мал шаруашылығы 3,8% артып, 116,7 млрд. тг. құрады. Егін шаруашылығы 129,7 млрд. тг. құрап, 4,2% артты.
Мал мен құс өндірісі – 4,9%, сүт өндірісі – 1,5%, жұмыртқа – 6,2% артты.
Егіс көлемі 772,5 мың га құрады.
Тамшылатып суғару әдісі 9,3 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 43,1 мың га жетті (Республикалық көрсеткіштің  74%). 
Жылыжай көлемі 108,9 га ұлғайып, жалпы көлем 1 019,2  га жетті (Республикалық көрсеткіштің  87%). 
Жеміс-көкөніс сақтау қоймаларының сиымдылығы 210,0 мың тн құрады. 
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 18,2 мың  бас аналық ірі қара мал сатып алынды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 32,8 мың  бас тұсақ мал сатып алынды. 
Мал шаруашылығын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған  іс-шарасы аясында  жалпы 3,4 млрд.тг. 1333 жоба қаржыландырылды. 
Оның ішінде, 1259 мал бордақылау алаңдары; 
68 жанұялық сүт фермалары;
5 селолық тұтыну кооперациясы.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 280,2 млрд. тг. құрады.
Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 192,1 млрд. тг. құрап, 3,5% артты.
 
Құрылыс  жұмыстарының көлемі 118 млрд. тг. құрады. 
 Тұрғын үй құрылысына 22,4 млрд. тг. инвестиция бағытталып,    11,6 % артты.                    
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 350,2 мың ш.м. құрап, 32,9% артты.
             
Барлық тасымалданған жүк 6,0% артып, 110,3 млн. тн. құрады.                
Бөлшек сауда тауар айналымы 219,2 млрд.тг. 0,5% өсті. 
Мемлекеттік бюджетке 148,9 млрд. тг. түсіп, жоспардан 7,2% артты.  Жергілікті бюджетке 69,3 млрд. тг. түсіп, жоспардан 4,8% және өткен жылдың тиісті кезеңінен  19,7% артты. 
2015 ж. қыркүйекте облыста тұтыну бағаларының индексі   103,2% құрады. Азық-түлік тауарлары – 1,7%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 3,6%-ға, ақылы қызметтер – 4,7%-ға қымбаттады.
“Жұмыспен қамту — 2020” бағдарламасы бойынша 43,4 мың адам  қамтылды. Республикалық көрсеткіштің үштен бірін құрайды. 
23982 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Жұмыссыздық деңгейі 5,3%-ды құрады. 
Жыл басынан аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 31,5% кеміп, 1390 адамды құрады.
 
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі