АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОЙМАҚТАЙ ОЙ! САУАТСЫЗ ЖАЗБА- ЖАРНАМА ЕМЕС!

фейсбукБайқайсыздар ма, базардағы тауарын өткізе алмай жанұшырған өзбектей «ана бағдарламаны көріңіз, пәлен деген қатысады, көрмесеңiз өкінесіз…» деген сарындағы жазбалар фейсбукте көбейіп барады. Және де жазған адамның бір- екі танысынан өзге «лаиктатып» жатқан да ешкім көрінбейді. Әлеуметтік желінің маңызын түсініп, өз өнімдерін жарнамалап жатқандары дұрыс — ақ шығар! Бірақ, әлгі жазбалардың бәрі дерлік сауатсыз қолдан шыққан. Өз басым әріп қатесі өріп жүрген, сүреңсіз сөйлемдерден көз сүрінетін мұндай жазбаларды оқи алмаймын. Жазбасы оқуға жарамаса, бағдарламасының жайы белгілі емес пе? Базардағы ағайынның өзі алмасыңа қоймай қауын, қарбыздың өзіне әдемі жарнама жасамаушы ма еді? Онсыз да рейтингі төмен бағдарламаны әлеуметтік желіге дұрыстап жарнамалауға тырысыңыздар, әріптестер! Эфирге шыққанына екі күн болған бір әріптесім, «мені көріңіздер!» деп суретін салыпты. Ел сені көру үшін емес, жаңалық тыңдау үшін телевизорын қосады, бауырым! Студияда жантайып түскен жалғыз суретің рейтинг әкеледі, жарнама болады десең, қателескенің. Бағдарламада елді елең еткізетін не бар екенінен бастап көріңдершi! Бәлкім, сол кезде жұрт назар аударып қалар..

Арман Сқабылұлы

http://turkystan.kz/