АЛТЫНОРДА
Новости

 Ойы орнықты, сөзі салмақты қария

Ыбыраш Құлманов ақсақал Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазір жасы 93-те. Әлі де тың, сергек. Ұлы Жеңістің 67 жылдығы қарсаңында Астанадағы 200-ден астам қатарластарымен бірге жаңа елордамызды аралап, бір сәт өт­кенді еске алып, концерт тыңдап, кө­ңілі марқайғаны бар. Бұл шараны ұйымдастырған «ҚазМұнайГаз» ұлт­тық компаниясына ақсақалдың айтар алғысы шексіз. Қатарластары селді­реп, күнде бас қосып шүйіркелесуге мүмкіндігі азайған шақта мұндай құрмет көрсету оларға ат мінгізіп, түйе жетектетіп жібергенмен бірдей.

– Аллаға шүкір, денсаулығым жа­ман емес, бірақ 2003 жылдан бері қан қысымым көтерілетін болды. Ұлы Же­ңіс мерекесінің құрметіне бізді қала әкімінің орынбасары қабылдады. Ар­да­герлер «Мәңгілік алауға» барып гүл шоқтарын қойған сәтте Елбасымыз Н.Назарбаев, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтер де бізді құттық­тады. Жаңа да жас Астанамыздың көрікті жерлерін араладық. Көңіл-күйі­мізді көтеретін тамаша концерт қойып берді. Елордамызда маған ерек­ше ұнайтыны – «Думан» ойын-сауық орталығындағы Мұхитаралы. Мен Қы­зылорда облысының Арал ауданында туып-өскенмін. Ата-бабамыздан балық аулауды кәсіп еткен жандармыз. Мұ­хитаралдағы балықтардың түр-түрі
көз сүйсінтеді екен. Біздің Аралда акула болған жоқ, ал Астанада акула көрдім. Тіпті осы Мұхитаралда жүр­ген­де өзімнің балалық, жастық ша­ғым есіме түсіп көңілім біраз боса­ға­нын жасыра алмаймын. Қазір, Құдай­­-ға шүкір, еліміздің экономикалық ахуа­лы жақсарып келеді. Тұрмыс түзе­ліп қалды. Елдің тұрмыс-тіршілігін жақ­сарту үшін мемлекеттен қаншама қаражат бөлініп жатқанынан да ха­барымыз бар. Кейде сол қаражаттың орынды жұмсалмай, тіпті игерілмей қалатынын естіп, «Қап-ай, ә» деп ре­ніш білдіріп те жатамыз. Мына «Ду­манға» бөлінген ақша орынымен жұм­салған екен. Соған өте ризамын. Ұлт­тық компанияның соғыс ардагерлеріне көрсеткен құрметі, жасаған сый-сыя­паты біздің көңілімізден шықты, – деп әңгімені бір қайырды Ыбыраш ата.
Ұлы Отан соғысы басталар алдында Семей – Өскемен тас жолы салынып, Ыбыраш ақсақал сол жерде жұмыс іс­теген. Осы жылдары Ертіске Өскемен ГЭС-і де салынады. 1942 жылы Семей әскери комиссариатынан өкіл келіп, «Өз еркімен майданға баратындар бар ма?» деп сұрайды. Тізімге жазыл­ған­дардың қатарында ол да болды. Осы­лай­ша 42-нің 20 қыркүйегінде соғыс­-
қа аттанып кете барды. Сол кеткеннен 1947 жылдың сәуір айында әскерден бір-ақ босады.
– 1942 жылдың 19 қарашасында Сталинградта немістерге қарсы ша­буыл­ға шықтық, – деп жалғады әңгі­ме­сін Ыбыраш қарт. – Сол жылы жаз­да ұйымдасқан

№5 ауыр артил­лерия дивизиясының №27 мино­мет­шілер бригадасында №

257 полкте көз­деуші болдым. 1943 жылдың қараша айына дейін сонда шайқастық. Одан кейін Украина майданына қатыстық. Житомир қаласында болдық. 1944 жы­лы наурыз айында кейін шегініп, басқа бағытқа қарай соғыса бастадық. Ротада 200 адам болса…Еще

4 танк армиясының құрамына келдім. Тағы да барлаушы болдым. Сол полкте жүргенде соғыс аяқталды. Қаншама кескілескен қан майданды көрдік.
1945 жылы наурыз айында бізді пойызға тиеп, Румынияға апарып түсірді. Сосын Венгрия, Чехославакия, Авс…Еще

№4 танк армиясы. Біз Австрия жерінде тұрмыз. Екіншісі генерал-полковник Рыбалконың №

1 танк армиясы. Сталиннен «Кімнің армиясы осы немістердің көзін құрт­-са, соған маршал атағы беріледі» деген бұй­рық түсті. Австрия мен Чехо­сла­вакияның арасында тау бар екен. Ры­балко таудан тіке түсетін жолды біле­тін біреуді тауып, біздің әскерден сәл бұрынырақ барып әлгі жау құра­ма­­сының көзін жойды. Прагаға 50 шақы­рымдай қалғанда бізге бұл хабар жетті. Сол жерде қуаныштан жол бойына жата-жата кетіп, «Соғыс бітті, елге аман-есен қайтатын болдық!» деп бір-бірімізді құттықтадық. Оған дейін елге қайтамыз деген ой болмады.
Соғыс аяқталған соң біз бірден елге қайтқанымыз жоқ. Венгрияда біраз тұрып қалдық. Оларда біздегідей кол­хоз-совхоз жоқ екен. Бәрі жекемен-шік. Шаруашылық тамаша. Ауылда қанша үй болса, айналасындағы жер соларға түгел бөлініп берілген. Сол жер­ге бәрі де тек жүзім егеді екен. Ор­тасында машина жүретін жол бар. Үйлерінің еңсесі биік, әдемі етіп са­лынған. Әр үйде жүзімнен шарап ашытылады. Шарапты емен бөшкеге толтырып, оның әрқайсысының сыр­тына дайындалған уақыты көрсеті­-леді. Кәсібі шарапты дайындап, шетел­ге шығарып сатады екен.
1946 жылы бізді Берлинге жіберді. Елге 1947 жылы сәуірінде оралдық. Со­ғыстың алдында біраз уақыт поштада істегенім бар еді, сол бұрынғы жұмыс орныма қайта барып жолықтым. Менің орнымда басқа адам жұмыс жасайды екен. Бөлімшеге жіберді. Онда да бос орын болмай шықты. Біздің туып-өс­кен жеріміз Аралдың ортасындағы Көкарал деген жер. Үйге келсем ауыл­да мұғалім болып жүрген туысқаны­мыз бар екен. Сол «Сен менің орныма мұғалім болсайшы. Мен өз ауылыма кетейін десем «Орныңа адам жоқ» деп жібермей отыр» деді. Аудандық оқу бөлімінің меңгерушісіне жолығып, содан орыс тілінен сабақ беретін мұ­ғалім болдық. Қызылорда педучили­щесін, сосын пединститутты сырттай оқып алдым. Содан 42 жыл бойы мұ­ғалім болып жұмыс істедім.
Ыбыраш ата қан майданнан ора­лып, елге келген соң жайлап осылайша еңбекке араласып кетті. 1949 жылы отау көтеріп, Злиха апамызбен бас құрады. Қазір апамыз 82-де. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» демекші, көрер жарығы, қызығы бар екен. Жас шаңырақ ел қатарлы тұрмыс кешті. Алты бала – төрт қыз, екі ұл сүйді. Қазір өзінен тараған алты баласы алты үй. Өкінішке қарай, қызы Малика 30-дан енді асқан шағында дүниеден озды. Көңілге демеу болатыны одан үш тұяқ қалды. Келер жылы шаңырақ кө­тергендеріне 65 жыл толатын қос қа­рия қазір15 немере, 16 шөбере сүйіп отыр. Ұл-қыздарының бәрі өмірден өз орындарын тапты.
Ыбыраш ата:
– Соңғы жылдары Ұлы Отан со­ғысы ардагерлеріне жылына бір рет пойызбен тегін жол жүруге мүмкіндік берді. Шамасы келетіндер әлі де ел көріп, жер көргісі келеді. Тіпті туып-өскен ауылдарына барып бір мәре-сәре болып қайтқанның өзі неге тұ­рады?! Ол үшін Үкіметке рақмет. Бірақ реті келіп тұрғанда оларға айтар бір на­зым бар. Ұлы Отан соғысына қатыс­қандардың аман қалғандарының жасы қазір 90-ның о жақ, бұ жағында. Олардың қасында көмекші болмаса жүріп-тұруы, жалғыз-жарым алыс жол­ға шығуы қиын. Сондықтан алдағы уақытта олардың қасындағы көмек­шілеріне де жол жүру билетін тегін берсе, тіпті нұр үстіне нұр болар еді. Егемен еліміздің өрімдей жастары өсіп келді. Олар – біздің болашағымыз. Жас­тарымыз соғыс көрмесін. Елімізде тыныштық болсын. Қан майданның қандай болатынын оқ пен от кешкен біздер жақсы білеміз. Жастарымыз бейбіт заманның қадірін біліп, заман талабына сай білім алып, білікті маман болсын. Қазіргі заман оқығандардікі. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегенді атамыз қазақ бекер­-ге айтпаған. Астанада «Мәңгілік алау­дың» жанында жастар келіп менімен естелік суретке түсіп жатты. Мен олар­ға қарап сүйсіндім. Соғыста қаншама жас қыр­шын кетті. Жараланып елге орал­ған­дары да көп. Қазір оқтың орта­сында жү­ріп, от кешкендердің қатары тым азайып қалды. Жастар қариялар­ды қадірлей білсе, оларға құрметтің үлкені сол.
Ыбыраш ата ұзақ жылдар мектепте ұстаздық еткендіктен болар, ойы ор­нықты, сөзі салмақты. Көрген-түйгені мол шежіре қарт. Осындай қарияла­ры­мыздың арамызда аман-есен жүргені қандай жақсы…
Гүлнар ТӘЖИЕВА

http://www.aikyn.kz