Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогика институтының ректоры Оңалбай Аяшевтен хат келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. О.Аяшев өз хатында Мемлекет басшысының бастамасымен салынған, 500 адамға арналған 12 қабатты «Студенттер үйі» жатақханасы пайдалануға берілгенін айтқан. Осыған орай ректор барлық студенттер мен оқытушылардың атынан Елбасыға қамқорлығы үшін алғыс жолдаған. Автор сондай-ақ еліміздің қарқынды әрі орнықты дамып келе жатқанын айта келіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа осы бағытты жалғастыру жолында табыс тілеген.