АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОҚО ӘКІМДІГІ ӨҢІРДЕГІ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРМЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

шараОңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы тарапынан бірқатар тауар өндіруші кәсіпорындардың қатысуымен қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара аясында аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға жергілікті тауар өндірушілерден әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлерін жинауды ұйымдастырды. Іс-шараға ұн («Дани Нан» ЖШС және «Алтын дән» ЖШС), ет («Қайып ата» ЖШС), тауық жұмыртқасы («Шымкент құс» ЖШС), макарон («Корона» ЖШС) және өсімдік майы (ТОО «Шымкент май» ЖШС және «Арай» ЖШС) өндірушілері қатысты. Бұдан бөлек, картоп, пияз, күріш, қант, және өзге азық-түлік түрлері ұсынылды. Аса қуантарлық жәйт, Мақтарал ауданынан «Арсенал сад» компаниясы белсенді қатысып, көмекке мұқтаж жандарды жеміс-жидектермен қамтамасыз етті. Жалпы, осындай игі шараларды облыс кәсіпкерлерімен бірлесіп, тұрақты түрде өткізіп тұру жоспарлануда. Өз кезегінде, кәсіпкерлер осындай әлеуметтік шараларға белсенді қатысуға дайын екендігін жеткізіп, бұл бағыттағы жүмысты жүйелендіруді ұсынды. Облыстық әкімдік тарапынынан көрсетіліп отырған мұндай қайырымдылық шараның оң нәтижелері әлі де оң нәтижелерін бермек. «Қазіргі экономикалық дағдарысты жұмыла көтеріп, тұрмысы нашар отбасыларына тұрақты қол ұшын беруді кең көлемде ұйымдастырса, әрине халық ауыртпалық сезінбейді» дейді шараға қатысушылар.

http://zhebe.com/