АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОҚО ӘКІМІ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

image_1_2Бүгін, өңір басшысы Б.Атамқұлов пен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ә.Мәтішевтің кездесуі өтті. Басқосуға, сондай-ақ, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Е.Білісбеков қатысты. Кездесу барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тұрғындардың қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілуі, елді мекендер мен нысандарда дезинфекция, дератизация, дезинсекция жұмыстарының жүргізілуі туралы мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, ҚР Президентінің халыққа Жолдауында көрсетілген антидағдарыстық және құрылымдық түрлендірудің бес бағытына — қаржыландыру жүйесін тұрақтандыру, экономикалық өсуді қамтамасыздандыру, еркін және дұрыс бәсекелестікке жағдай жасау, кәсіпкерлікті қолдаудың «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы және халықты әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше көңіл аударылды. Кеден Одағының техникалық регламенттеріне сәйкес сырттан әкелінетін өнімдердің сапасына, оның ішінде тағам өнімдері ғана емес, сонымен қатар, шетелден тасымалданатын басқа да тауарлардың сапасы жөнінде мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестіктерін қолдау мен олардың мемлекеттік тапсырыстан қаржыландыру мүмкіндігі де назардан тыс қалған жоқ. Көтерілген мәселелердің барлығы өңір басшысы мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы арасында толық түсінушілік тапты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі