Бүгін, 13 қазанда ОҚО-да Жоғары спорт шеберлігі мектебінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған каратэ-до шотакан спортынан еліміздің ашық біріншілігі басталды. Жарыстың ашылу салтанатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байрақты бәсекеде үш жас ерекшелігі бойынша ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында 13 облыстан және Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінен барлығы 394 спортшы бақ сынаспақ. Қазақстандық саңлақтардың ендігі басты мақсаты – Бразилия олимпиадасы. Осы орайда, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысының 8 спортшысы жолдаманы жеңіп алды. Сонымен қатар, 2020 жылы Токиода өтетін олимпиада ойындарының бағдарламасына енуге үміткер 5 спорт түрінің бірі – каратэ-до шотакан. Жарыстың бас төрешісі – халықаралық дәрежедегі спорт шебері Шаттық Қажымұқан.
ОҚО әкімдігінің баспсөз қызметі