Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Түркістан» сарайында «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы 5 минуттық деректі фильм сахнаның ортадағы үлкен LED экранда көрсетуімен басталды.
Іс-шараға облыс басшылығы, облыстық мәслихат депутаттары, әкімшілік органдар басшылары, облыстық басқарма басшылары, қала, ауданнан делегациялар, ардагерлер, облыстың зиялы қауым өкілдері, саяси партиялардың жетекшілері, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар жетекшілері, діни конфессия басшылары, этно мәдени орталықтардың төрағалары мен өкілдері, білім, мәдениет, денсаулық, спорт саласы мекемелерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының басшылары, жастар қоғамдық ұйымдарының төрағалары, студенттер, БАҚ өкілдері, т.б. қатысты.
Мерекелік іс-шара барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды сөз сөйлеп, облыс тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, сала үздіктерін облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
Сонымен қатар, құттықтау сөзге Түркістан қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы, еңбек ардагері Ж.Әзіретбергенов, Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Е.Тастанбек, облыстық славян этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Н.Романова шықты.
Мерекелік іс-шарада Елбасы туралы видеокадрлар, бишілер мен әншілердің қатысуымен концерттік бағдарламалар көрсетілді. Жалпы мерекелік іс-шараға 1400-ге жуық азаматтар қатысты.
Іс-шара мерекелік отшашумен аяқталады.
http://ontustik.gov.kz/