АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОҚО-да нысандар құрылысы мен коммуналдық мәселелерді шешуге 268,9 млрд.теңге бағытталмақ

20151209034402АСТАНА. ҚазАқпарат — Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 44-ші сессиясы өтіп, онда облыстың бюджеті бекітілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың кезекті 44-ші сессиясы өтіп, онда облыстың бюджеті бекітілді. Облыстық мәслихаттың депутаты Нұралы Әбіш төрағалық еткен сессияда 27 мәселе қаралды. Сессия жұмысына облыс әкімі Б.Атамқұлов, облыс депутаттары мен облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және қала, аудан әкімдері қатысты.

Облыстық мәслихаттың депутаты Нұралы Әбіш төрағалық еткен сессияда 27 мәселе қаралды.

Сессия жұмысына облыс әкімі Б.Атамқұлов, облыс депутаттары мен облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және қала, аудан әкімдері қатысты.

Жиында депутаттар өңіріміздің алдағы 2016-2018 жылдарға арналған бюджетін бекітіп, 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын қарады.

Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр баяндама жасап, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы мен бюджеттік мекемелерді күтіп ұстауға, өтпелі нысандардың құрылысын аяқтауға, коммуналдық мәселелерді шешуге және қоғамдық тәртіпке т.б мәселелерге жалпы облыстан 268,9 млрд.теңге бағытталып отырғандығын атап өтті. Онда облыстың ішкі өзіндік кірістері 12,5 млрд. теңге, субвенция — 255,8 млрд.теңгені құрайтындығын жеткізді.

Кезекті сессияны қорытындылаған өңір басшысы бюджет қаржысының жұмсалуын бақылауға алып, мемлекет қаржысының әр тиыны халыққа жетуін қадағалау қажеттігін айтты.

Жиын соңында келесі сесияның төрағасы болып облыстық мәслихаттың депутаты Тұрлыбек Қилыбек сайланды.