Оңтүстік Қазақстан облысының халқы қара күздің суық күндерін жылы пәтерде қарсы алады. Жергілікті билік «нысандардың 90%-ы жылу маусымына сақадай сай тұр», — дейді. Биыл жылу тарататын негізгі магистральды құбырлардың 7 шақырымы, сонымен қатар ішкі орамдардан 15 шақырым жаңасына ауыстырылған. Бір ғана Шымкент қаласында 2 мыңға жуық көпқабатты тұрғын үйдің 160-ы шағын қазандықтарға, қалғаны орталық жүйеге қосылған. Ал өңірдегі бірқатар аудан тұрғындарына табиғаттың өзі сый жасап отыр. Мысалы, Отырар ауданының орталығындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жер астынан шығып жатқан термалды сумен жылиды. Әрі бағасы да арзан. Ондағы жұрт жылумен қатар қысы-жазы қолын ыстық суға малып отыр. Сәкен Қаныбеков, облыс әкімінің орынбасары: — Қазіргі уақытта облыс бойынша 90% дайындық бар. Әлеуметтік нысандар 100% дайын. Негізгі 15 қазан күні толық бітеміз.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі