АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Өлген мал иелеріне 5,8 млн. теңге төленеді

image46674Атырау облысында өлген малдардың иелеріне жалпы сомасы 5,8 млн. теңге өтемақы төленеді.

 Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің ресми хабарламасында айтылды.
Атап өтілгендей, мұнай-газ компаниясының тапсырысы бойынша ұзындығы 13 шақырымдық жерасты газ құбырын салу көзделген. Мердігер құрылыс ұйымы  «Монолит Инвест Компани» ЖШС, — деп хабарлады Атырау коммуникациялар қызметі.
Желтоқсанның соңында және қаңтардың басында қар мол жауып, газ құбыры жырасын басып қалған және көрінімнің нашарлауы салдарынан оған үй жануарлары құлап кеткен. Комиссия анықтағандай, 39 бас жылқы және бір түйе мерт болған.
Исатай ауданы әкімдігініде оқиғаның себебін  және өлген малдар иелерін анықтау үшін құқық қорғау органдары мен мамандардан жедел комиссия құрылған. Анықталғанындай, ауданның 17 тұрғынының малдары  шығынға ұшыраған болып шықты.
13 қаңтарда «Монолит Инвест Компани» ЖШС басшысы Б.Юсупова өлген малдардың иелерімен кездесуде жалпы сомасы 5,8 млн. теңге өтемақыны төлеуге міндеттенді. Жағдай толық шешілгенше Исатау ауданы әкімінің бақылауында болмақ. 
ҚазАқпарат