АЛТЫНОРДА
Новости

Олланд пен Меркель Украина жағдайын талқыламақ

Франция президенті Франсуа Олланд пен Германия канцлері Ангела Меркель 6 ақпанда Мәскеуге барып, Украинаның шығысындағы жағдайды талқылайды. Бұл туралы Франция президенті Олланд 5 ақпанда Парижде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Франсуа Олланд Франция мен Германияның Украинадағы қақтығысты реттеу шараларын күшейтетінін де айтты. Оның мәлімдеуінше, екі ел Украинаның тұтастығын сақтауға арналған жаңа ұсыныстар дайындаған.

5 ақпанда Германия және Франция президенттері Киевке Украина президенті Петр Порошенкомен кездесуге бармақ. Қазір Киевте АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри де жүр.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150205/330/330.html?id=26831673