АЛТЫНОРДА
Новости

Омбыда қазақ мәдениетінің көрмесі өтті

Омбы. 17 ақпан. BAQ.KZ – Өткен аптада Омбы қаласындағы қазақтардың ұйымдастыруымен «Мәдениет ғарыш сияқты. Киіз үй – көшпенділер ғарышы» деп аталатын көрме өтті.  

Ресей ғылым академиясы Археология және этнография институтының Омбы филиалы мен «Мөлдір» Сібірлік қазақ мәдениеті орталығының Омбы аймақтық қоғамдық ұйымы бірлестіп ұйымдастырған мәдени шара кезінде ұлттық ою-өрнекпен нақышталған қазақтың ақбоз үйі тігілді. Көрмеге келушілер тек қана қазақтың ұлттық бұйымдарын тамашалап қана қоймай, толықтай жабдықталған киіз үйді тамашалап, ерекше әсерге бөленді,-деп хабарлайды отандық БАҚ.
«Біз атажұртпен көршілес отырған облыстардың бірі ретінде осындағы аз қазақ үшін ұлттық құндылықтарға толы мәдени шараларды көптеп ұйымдастырамыз. Ал, бұл реткі шараны біз «Мөлдір» қазақ мәдениеті қоғамының құрылғанының 25 жылдығына орайластырдық. Бұндай көрмелер арқылы біз ресейліктерге өз мәдениетімізді танытып қана қоймай, өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына ұлттық рухты да сіңіреміз деп есептеймін»,-дейді «Мөлдір» Сібірлік қазақ мәдениеті орталығының төрайымы Алтынай Жүнісова.

http://baq.kz/kk/diaspora/914