2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыста жалпы құны 460,6 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2014 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 103,4% құрады. Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 27,6% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі – 32,3% артып, 126,8 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі – 97,3%, немесе өнім көлемі 289,8 млрд. теңгені құрады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 36 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 71,7% құрады. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,0% құрады. Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта иірімжібін өндіру – 42,0% (8451 тонна), мақта маталары – 12,7% (17 млн. шаршы метр), құрылыс кірпіштері – 48,4% (168,3 мың м3), портландцемент – 41,6% (1572,8 мың тонна) артты. Сонымен қатар, мақта талшығы – 25,4% (өндірілгені 18,4 мың тонна), бетон – 22,0% (612,5 мың тонна), бензин өндіру – 20,2% (678 мың тонна), керосин өндіру – 18,6% (181,8 мың тонна), мазут өндіру – 22,1% (667,3 мың тонна), жылу энергиясы – 20,0% (938 мың Гкал) өсті, электр энергиясы – 43,6% (611 млн.квм.сағ) кеміді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі