Оңтүстік Қазақстан облысы жыл басынан бері ауыл шаруашылығының 300,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 1,9% – ға артқан. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы П.Тастанов мәлім етті. Оның ішінде мал шаруашылығы – 129,6 млрд. теңгеге, егін шаруашылығы – 169,7 млрд. теңгені құраған. – Биылғы жылы бұл салаға «Агробизнес – 2020», «Нұрлы жол» бағдарламалары шеңберінде облыстық және жергілікті бюджеттен 22 бюджеттік бағдарлама бойынша 28,5 млрд.тг бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда қолдау көлемі 1,2 есеге артты. Осы бөлінген қолдау қаржылар мен жүйелі жұмыстардың арқасында ауыл шаруашылығының егіс көлемі 772,5 мың га жетті. Оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар 255 мың га орналастырылса, әр гектарынан 21,9 центнерден 339,3 мың тн өнімі жиналды. Ал майлы дақылдар 78,2 мың га орналастырылып, 7,7 ц/га, 59,3 мың тн өнім жиналды, — дейді П.Тастанов. Сондай-ақ, көкөніс 36,5 мың га орналастырылып өткен жылдан 1,4 мың га артып, гектарынан 229 ц/га 839 мың тн өнім жиналса, бақша 62,5 мың га орналастырылып өткен жылдан 5 мың га артып, гектарынан 208 центнерден 1301 мың тн өнім жиналды. Ал мақта 99,2 мың га орналастырылып гектарынан 25,1 центнерден 248,2 мың тонна өнім жиналды.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі