Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй және коммуналдық мәселелер бойынша Call-орталығы ашылды. Заманауи ақпараттық құрылғылармен жабдықталған бірыңғай орталықтың Call-орталығындағы мамандар оңтүстікқазақстандық тұрғындардан келіп түскен ауызсу, электр жарығы, көгілдір отын, жылу және кәріз жүйелері бойынша өтініштерге шұғыл түрде жауап беретін болады. АРЫЗ-ШАҒЫМДАР БОЙЫНША 8(7252)-39-55-55 БАЙЛАНЫС НӨМІРІ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ. Бірыңғай байланыс орталығы 09:00-19:00 аралығында жұмыс істесе, жылу маусымы кезінде тәулік бойы өтініштер қабылдайды.
http://ontustik.gov.kz/