Суық судың ішінде жатқан Оңтүстік Корея Ансана қаласының оқушылары «Апааа!» деп шырылдауда. Оқушыларды күйзеліске ұшыратып, жан мен тәннің саулығын қамтамасыз ететін жаттығулар — мектеп бағдарламасының бір бөлігі. Олар мұны мектептің орта буынына өту үшін жасайды.
Оңтүстік Корея оқушылары әлем бойынша тестілеуден ең жоғарғы нәтижеге ие. Оның бұлай болуының себебі де бар. Қарапайым оқушының күн тәртібі топ-менеджерлердің жоспарымен пара-пар. Яғни, мектеп қабырғасында жоғарғы оқуға түсу деген бір ғана мақсат бар.
Оңтүстік Кореяның ата-аналары балаларының дәл осындай қиындықтардан өтуіне еш қарсы емес. 4 сынып оқушысының анасы Ю Кунг Мин мектепте бәсекелестік өте жоғары екенін айтады. Алайда, ана ретінде бұған шыдамасқа амалы жоқ.
Суық суда жатқан оқушылар
Бұл қиындықтардан қашып құтылу мүмкін емес. Корей қоғамында білімге үлкен мән беріледі. Баланың үлгерімі үздік болуының да маңызы зор. Мұнымен қатар, Ю Кунг Мин ЖОО-ға түсу талаптарының жыл сайын өзгеріп отыратындығын баяндайды.
Жоғарғы оқуға түсудегі мақсат — болашақта жақсы жұмыспен қамтамасыз етілу.
Жас кәрістер үшін күйзеліс орта мектепте оқып жүргеннен басталады: түске дейін сабақ, түстен кейін сабақ, түнгі мезгілде үй тапсырмасын орындау.
15 жастағы Чо Сан Хе қазір 9 сыныпта оқиды. Оның мүлдем дерлік бос уақыты жоқ. Таңғы сағат жетіде оянып, арада бір сағат уакыт өткен соң мектеп партасында отырады. Аптасына екі мезгіл ағылшын тілін үйрететін курсқа қатысады. Қалада мұндай 70 000 мектеп бар.
«Үйге түнгі сағат 22:00-де келгенімде бірден үй тапсырмасын орындауға кірісемін», — дейді Сан Хе. Жексенбі күні де ЖОО-ға барып дайындалады. Күн тәртібіне тақырыпты түсіну, мазмұнын айту, кітап оқу сындылар кіреді. Ал, қалған күндері Чо Сан Хе математика пәнінен қосымша сабақтар оқиды.
Мұндай дайындықтардың бағасы өте қымбат. Оны кез келген отбасының қалтасы көтере бермейді. Хак-вонда бір пәннің, дайындалу бағасы 200-300 еуроны құрайды. Мұнымен қатар, жарты жыл сайын экзамен болады.
Асан оқушылары әскери дайындық үстінде
15 жастағы оқушы қыз гимназияға ауысу үшін түнгі сағат 2-ге дейін дайындалады. Күнде дастархан басында отбасы мүшелерімен бірге болашақта қай мектепте оқитындығын талдайды.
Кәріс оқушыларының қаншалықты қиналатындығын неміс оқушылары бір сәтке де елестете алмайды. Себебі, мұндағы оқушылар асыр салып ойнап, ата-анасына еркелеу дегенді білмейді.Мұнымен қатар, шаш үлгісі де барлығында бірдей болу керек.
Хак-вон – оқушыларды дайындауға арналған жекеменшік институт
Профессор өз кезегінде оқушылардың мүмкіндігін салыстырады.
2005 жылы білім беру саласына модернизацияланған жүйені ұсынған 20 жастағы мектеп белсендісі«Сабақтан екілік алған кезде өмір сүргің келмей кетеді» дейді.
Оңтүстік Корея мектептерінің сапалы білім беріп жатқандарын түскі астан бас тарту арқылы дәлелдейтін кездері болады.
Ата-аналар жаз маусымында сабақтар санын азайтып, дене шынықтыруға арналған жаттығуларды көбейтуді жөн көрген мектепке «Балаларымыздың бос уақыты болмайтындай жағдай жасаңыздар» деп ұсыныс айтқан екен.
18 жастағы Пак Ен Ку гимназияны тәмамдап, ЖОО-ға түсу үшін тестінің қорытындысын күтуде.Соңғы жылда қатты қиналғанын еске алып, қалаған оқу орнына түсемін деген арманы бар.
Әрбір екінші сенбі сайын кәріс оқушыларының қосымша сабақтары бар. Ен Ку, әдетте, демалыс күндері үй тапсырмасын орындайтындығын жазады. Осылайша, спортпен айналысуға аптасына 2-4 сағат уақыты бар. Оның алдында бұдан да көп болатын. Мұны қосымша сабақатарының аз болуымен түсіндіреді.
Оқушылар элиталы университеттерге түсу үшін бәріне дайын. Мұнымен қатар, Ен Ку «Мен әрдайым салық инспекторы болуды армандағанмын. Өзімнің мақсатыма жету үшін әлемнің ең мықты университетінде білім алғым келеді» дейді.
Оңтүстік Кореядағы Сеул Ұлттық Университетіне, Корей Университетіне және Ионсейге түскен оқушылар болашақта қалаған жұмыстарын өздері таңдай алады. Алайда, аталған оқу орындарына түсу — оңай шаруа емес. Тек жақсылардың жақсысын ғана қабылдайды.
Жоғарыдағыдай сипатталған ЖОО жүйесінің қиындығына қарамастан, оның жақтаушылары да бар. Мысалы, Франк Грюнерт. Ол Сеул Ұлттық Университетінде германистикадан сабақ береді. Кәріс бойжеткеніне үйленген. 4 жасар қызы балабақшаға барады. Мұнымен қатар, өзі жұмыс істейтін оқу орнына қызын қуана оқытатындығын айтады.
Алайда, Кореяда білім алған әйелі қызына өзінің бастан кешіргендерін қайталатқысы келмейді екен.Ал, Франк есесіне қызының үлкен өмірге алдын ала дайын болатындығын алға тартады.
Жоғарыда жазылғандарды оқып, Қазақстанда білім алудың қаншалықты оңай екенін байқаған шығарсыздар. Ал, біздер сол мүмкіндікті дұрыс пайдаланып жүрміз бе?
Сурет: perevodika.ru
http://massaget.kz/okushyilarga/mektep_omiri/24481/