Оңтүстік Қазақстан облысындағы жылыжай ауданы 1020 гектардан асты. Еңбексүйгіш диқандар ол жерден 150 мың тоннадан астам өнім алған. Шаруалар енді жылыжайда өсетін көкөніс көшетін өз қолдарымен өсіріп жатыр. Шымкенттегі «Ынтымақ» селолық тұтынушылар кооперативі жылына 4 миллион түп көшет дайындайды. Қызанақ пен қияр өскіндерін алдымен кооператив иелігіндегі 52 гектар жылыжайға отырғызады. Қалғанын арзан бағамен шаруаларға сатады. Диқандар жылыжайдан жылына екі рет әр гектарынан 100 тоннаға дейін өнім алып жатыр. Кооперативтесыйымдылығы 6500 тоннадан асатын қойма да бар. Өнімді сонда сақтап, қалаған жерлеріне жөнелте алады. Облыстағы ішкі нарықты толықтай қамтып отырған диқандар жаңа піскен қызанақ пен қиярдың жарты бөлігін Астана, Алматы, Солтүстік облыстарымен қатар Ресей нарығына жөнелтуде. Мемлекет демеуімен аяқтан тұрған диқандар енді Үкіметке қарап қол жайып отырмай, өз күштермен өндірістерін де ұлғайтып, шаруаларын дөңгелетіп келеді. Сейсенбай Тастанов, «Ынтымақ» селолық тұтынушылар кооперативінің төрағасы: — Теңгенің еркін айналымға жіберілуі шаруаларға ауылшаруашылық саласында қызмет істеп жүрген азаматтарымызға негізі оң ықпалын көрсетуде. Импортқа тәуелділіктен босатуда.Импорт келуі азайып өзіміздің өнімдеріміз көбейуде.
Источник: http://24.kz/