АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОҢТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР «ЭКСПО – 2017» НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА АТСАЛЫСАДЫ

image_1_32015 жылдың 18 желтоқсанда «Астана ЭКСПО — 2017» ҰК» АҚ-ы Басқарма Төрағасының Орынбасары Ербол Шорманов Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болды.
Сапар барысында Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысының таурөндірушілері мен туризм саласы бойынша көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Бейбіт Атамқұлов, «Астана ЭКСПО — 2017» ҰК» АҚ-ы Басқарма Төрағасының Орынбасары Ербол Шорманов, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары әкімінің орынбасарлары қатысты.
Шара аясында «Астана ЭКСПО — 2017» ҰК» АҚ басшылары және бас мердігер мекемелер тарапынан өңірлік бизнес-қауымдастықтармен кездесу өткізілді.
Жұмыс сапарының нәтижесінде ұлттық компания және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО — 2017» ҰК» АҚ-ның бас мердігер мекемелері және тауарөндірушілер, туристік ұйымдар арасында 16 меморандум мен келісім-шарттарға қол қойылды.
Қол қою салтанатында Ербол Шорманов: «Астана ЭКСПО — 2017» компаниясы отандық бизнес өкілдеріне көмек көрсетуде. Аз ғана уақыт бұрын Елбасы көрмеге дайындалу бойынша мәжіліс өткізді. Ол нысандардағы барлық әрлеу жұмыстарында мүмкіндігінше қазақстандық өнімдерді пайдалануды тапсырды. Аталған тапсырманы орындай отырып, біз қазақстандық қамтуды сатып алуды ұлғайтып отырғандығын» — атап өтті. 
Оның айтуынша, мұндай келісімдерге 13 облыс әкімдігі мен республикалық деңгейдегі екі қала қол жеткізген. Нәтижесінде, қазіргі таңда, ЭКСПО нысандарының құрылысына 232 отандық тауарөндірушілер қамтылып отыр. Келісім шарттардың жалпы соммасы – 32,0 млрд. тг. қаржыны құрайды.
Өз кезегінде, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев аталған іс-шараның ел экономикасында маңыздылығы жоғары екендігін атап өтті.
ЭКСПО – 2017 іс-шарасын ұйымдастырып өткізу Қазақстанның экономикасының және туризмнің дамуына үлкен серпіліс береді және еліміздің имиджін қалыптастыруда зор үлес қосады. Сонымен бірге, көрме республикамызды әлемге көпұлтты, мәдениеті дамыған, тарихы тереңде жатқан ел ретінде паш етеді. Бұл Қазақстан үшін бәсекеге қабілетті, ашық нарықтық экономикасы дамыған ел ретінде танылуға үлкен мүмкіндік беретіндігін өңір басшылығы атап өтті.
Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары «ЭКСПО – 2017» көрмесін сәтті өткізуде Оңтүстік Қазақстан облысының орны ерекше екендігін атап өтті.
ОҚО әкімінің орынбасары мемлекеттік және жеке сектордың қатысуымен халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО – 2017» көрмесіне жүйелі түрде дайындық жұмыстары басталғандығын, жалпы, облыс әкімдігімен нақты бірқатар шаралар қабылданып жатқандығын айтты. 
Оның біріншісі – халықаралық көрмеге дайындық бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары қабылданды.
Екінші – көрмеге еріктілерді іріктеу және дайындау бойынша іс-шаралар қабылданып отыр.  
Тағы бір шара – бұл ОҚО тауарөндірушілерінің көрме нысандарын салуда белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда белгілі болып отырғандай, «Зерде Керамик» ЖШС «ЭКСПО — 2017» құрылыс алаңын керамикалық плиталармен, «Ferrum Vtor» ЖШС – арматурамен, «Стандарт цемент» ЖШС – цементпен және «Кентау трансформатор зауыты» ЖШС – трансформатормен қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар, бүгінгі іс-шарада Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Тимур Жанке де сөз сөйлеп, ағымдағы жылдың наурыз айында «Астана ЭКСПО — 2017» Ұлттық компаниясымен қол қойылған меморандум аясында жүргіліп жатқан жұмыстардың барысын баяндап өтті.
Ағымдағы жылдың тамыз айында Жамбыл облысының құрылыс саласындағы кәсіпорындары ЭКСПО көрмесінің мердігер компанияларының басшылығымен кездесу ұйымдастырылды. Нәтижесінде, «Құрылыс Полимер» ЖШС, «Имстальком» ЖЗМК ЖШС, «Жамбыл Керамзит Компани» ЖШС арасында келісім-шарттарға қол қойылды.
 
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі