АЛТЫНОРДА
Новости Уральска

Орал оқушылары тамақтан уланған

imagesОралдағы ондаған оқушы уланып ауруханаға түскен 11-мектеп-интернатта ас мәзірі талабы сақталмаған деп мәлімдеді бүгін Батыс Қазақстан облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті.

Департамент жетекшісі Мұхамед Арысбаевтың брифингте хабарлауынша, мектеп-интернатта оқушыларға сол күні түсте жегеннен қалған картоп езбесі кешкі тамаққа қайта берілген. Биліктің мәліметінше, астан ауырған балалар ішкен тамақтан сальмонелла бактериясы табылып, оқушыларға «сальмонелла бактериясымен астан уланған» деген диагноз қойылған. 18 баладан дизентерия белгісі анықталған.

Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Хажар Искандарованың айтуынша, қазір мектепте сабақ тоқтатылған. Аспаз бен техникалық қызметкерлер жұмыстан шеттетілген.

Білім басқармасының бастығы Хамидулла Ирменовтің сөзіне қарағанда, дәрігерлерге жүгінген 126 баланың жағдайы қазір оңалып қалған.

30 қазанда Оралдағы Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған 11-мектеп-интернаттың ондаған оқушысы уланып, облыстық клиникалық ауруханаға түскен.
 
02 қараша 2015

http://www.azattyq.org/