АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ораза айт мерекесi құтты болсын![:]

[:kz]

09-08-13__e99fa794ef95ee6fe8bb55a608d66f235-шiлде – Ораза айттың бiрiншi күнi!

Құрметтi отандастар, бауырлар!
Ораза айт мерекесiне аман-есен жеткiзген Ал­ла Тағалаға сансыз шүкiр­лер мен мадақтар болсын. Сiз­дердi мұсылман қауы­мының ұлық, қас­терлi мерекесi – Ораза айт мейрамының басталуымен құт­тықтаймын. Айт мүбә­рак болсын, ағайын!
Қасиеттi Рамазан айы­ның аяқталғанын бiл­дi­ретiн Ораза айт – мейi­рiм­дiлiктiң, игiлiк­тiң, бiр­лiктiң, iзеттiлiктiң, қайырымдылықтың мерекесi. Бұл мейрам барша халықты iзгiлiкке ұйытады.
Елiмiздiң мұсылман қа­уымы қасиеттi Рамазанда ауыз бекiтiп, шарапаты мол айда жасалған iзгi iс-шараларымызға атсалысты. Ме­шiттерiмiзде ауыз­ашарлар мен қайырымдылық акциялар өттi.
Тұрмыс жағдайы тө­мен отбасыларына көмек көрсе­тiлдi. Сауабы тең­дессiз осынау жақсы iс­терге үлес қосқан отандастарыма өзiм­нiң және Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы атынан “Алла разы болсын” деймiн.
“Айт” сөзi – “мерекелеу”, “хал сұрасу”, “бiр-бi­­рiн қуанту”, “қуанышқа топталу” деген мағыналарды бiлдiредi. Жаратушы Иемiз әрбiр iзгi амал мен игiлiктi iстiң сауабын берiп, мейiрiм-шапағатын төгедi.
Хадис-шарифте ай­тыл­ғандай, Алла Тағала: “Пен­делерiм Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) ме­шiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрме­нiммен ауыз ашты, ендi қуа­ныш­қа кенел­сiн…”, – дейдi. 
Ораза айт – бiр ай бойы ораза ұстап, ықы­ласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезi. Алла баршамызды мол сауапқа кенелген құлдарының қатарына қосуын тiлеймiн.   
Айт күнiнде толық жу­ы­­нып, жұпар иiс себi­нiп, жамағатпен айт намазына қатысудың сауабы ерекше. Айт намазына барудан бұрын құрмадан дәм тату – пайғамбарымыз Мұхаммедтiң (Оған Алланың салауаты мен сәлемi болсын) сүннет амалы.
Ағайын-туысты, көр­шiлер мен өзге ұлт өкiл­дерiн ортақ мерекемен құттықтап, тi­леу­лестiк бiл­дiру – игi амал. Ораза айт – отбасылық мереке. Мейрам күнi ата-анамыз­ға, балаларға сыйлық үлестiрiп, ағайын-көршi, туыс, бауырларды қонақ­қа шақырып, айрықша көңiл бөлу де – сауапты iс.    
Қадiрлi қауым!
Ораза айт мерекесi құтты болсын! Алла Тағала ұстаған оразамызды, дұға-тiлекте­рiмiздi, қасиеттi айда жасаған әрбiр қайырлы амалдарымызды, берген зекет пен пiтiр садақаларымызды қа­был етiп, мол сауаптан жазғай!
Әрбiр отбасына амандық, жақсылық, денде­рiңiзге саулық, жұмыстарыңызға береке тiлеймiн! Раббымыз баршамызды рамазаннан рамазанға дейiн аман-есен жеткiзе берсiн!
Елiмiз аман жұртымыз тыныш, Тәуелсiздiгiмiз баянды болғай! Әумин!
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, 
Қазақстан мұсылман­дары дiни басқармасының төрағасы, бас мүфти
 
 http://www.zhasalash.kz/

[:]