Голливудтың продюсері Линда Обст алдағы 10 жыл ішінде америкалық кино қаһармандарының ұлттық-идеологиялық жағынан өзгеретінін мәлімдеді. Бұдан былай орыстар мен қытайлар жағымсыз кейіпкерлер қатарынан шығарылады.
Бұл туралы Utro.ru хабарлайды. Мелодрама мен комедия жанрында еңбек етіп жүрген белгілі продюсер енді АҚШ кинематографында «нашар жігіт» образы басқа халықтардан жасалатынын айтты. Обстың сөзіне қарағанда, осы кезге дейін болған «жағымсыз орыстар» мен «жағымсыз қытайлықтар» солтүстіккореялық кейіпкермен ауыстырылуы мүмкін. Образдардың өзгеруіне 2020 жылға қарай Ресей мен Қытайдың Голливуд үшін басты нарыққа айналуы себеп.