АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отандасымыз Қытайға зергерлік бұйымдарды жаяу алып өтпек болған

CEFA2070-6E93-4E24-A9B6-B60F6A4014E2_mw1024_s_nАСТАНА. 24 сәуір. Қазақстан азаматшасы Қытайға зергерлік бұйымдарды жаяу алып өтпек болған. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеге сілтеме жасап, today.kz хабарлады. Қазақстандық шекарашылар бір күнде қазақ-қытай шекарасынан зергерлік бұйымдар мен декларациядан өтпеген қаржыны алып өтпек болған екі заңсыз деректі әшкереледі. Бірінші оқиғада Қытай азаматшасы «Қорғас» кеден бекеті арқылы декларациядан өтпеген 10 300 АҚШ доллары мен 600 юаньді алып өтпек болған. Ұстау дерегі бойынша Панфилов аудандық прокуратура өкілдеріне хабарланды. Дәл осы күні Мақаншы шекара жасағы «Бақты» бекетінің шекарашылары зергерлік бұйымдарды заңсыз алып өтпек болған 33 жастағы Қазақстан азаматшасын қолға түсірді. Күдікті Қазақстаннан Қытайға жаяу жолға шыққан екен. Тексеру кезінде әйелден жалпы салмағы 400 грамм болатын 925 және 585 сынамалы алтын кулон, сақина, сырға және алқа тәркіленіп алынды. Алынған заттардың құжаттары да болмай шықты. Күдікті келіншек бұл бұйымдарды жеке өзі пайдалану үшін алып өтпек болғанын айтқан. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша материалдар Үржар аудандық прокуратурасына жолданып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Еламан Қоңыр.

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/04/24/58883