АЛТЫНОРДА
Новости

Отандық жаңа телехикая түсіріле бастады

7777Астана. 6 қыркүйек. Baq. kz — Бүгінде отандық телехикалар көптеп түсірілуде. Жақында «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен «Бажалар» деп аталған кино туындының түсірілімі басталды.

 Аталымы айтып тұрғандай, телехикаядағы оқиғалар қазақтың туыстық қарым-қатынасындағы бажалардың өмірі туралы болмақ. «Бұл бұрын-соңды қазақ киносында қозғалмаған тақырып. Сондықтан, көрермендерді қызықтырады деген ойдамыз», — дейді туынды авторлары. Мына көріністер отставкаға шыққан генералдың сүт кенжесі — ерке қызына құда түсіп келіп жатқан сәті.

Асқар БИСЕМБИН, РЕЖИССЕР, СЦЕНАРИЙ АВТОРЫ:
— Үлкені — Сәкен, ортаңғысы — Ермек, енді начинающий бажа, кішісі — аты Арман. Енді Сәкен — ол пока таксист, Ермек СТО-да істейтін жігіт, СТО-сы бар. Арман деген ол музыкант, композитор, консерваторияны бітірген жігіт. Сол үш бажа әрқашанда бір проблема болады, семьяда, жұмыста. Сол проблемаларды олар бірігіп шешеді.

Рүстем Омаров пен Марат Оралғазин бірлесіп жазған сценарий бойынша телехикаяны «Болашақ» бағдарламасымен Америка Құрама Штаттарында режиссер мамандығын меңгерген Асқар Бисембин түсіреді. Продюсері Ақылбек Досжанов. Ал, оператор — мұхиттың арғы жағынан шақырылған Гонзало Деджинио.

Ербол САДЫРБАЕВ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ:
— Бажа деген, қалай айтсам екен… анекдот бар ғой: «Ажырасайын десем бажамды қимаймын», — деп. Сол айтпақшы, бажалар деген — ол барлық жерде бірге болады ғой. Мәселенки, бір үйдің үш қызын алып отырған үш бажа, ойлаймын, ағалы-інілі болып кетеді-ау деймін, сондай-ау деймін.

16 сериялы телехикая «Ел Арнадан» осы жылдың соңына қарай көрсетілетін болады.

Хабар