АЛТЫНОРДА
Новости

Өзбек ҰҚК өкілі «ИМ Өзбекстанға шабуыл жасамақ» дейді

Сирияда соғысып жүргендер туралы бұл видеода Талибан басшысы молла Омарға ант беріп жатқан содырлар Өзбекстаннан барған болуы мүмкін деген болжам бар.CentralAsiaOnline.com сайтында ақпанның 2-сі күні жарияланған деректе  Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің

«Ислам мемлекеті» (ИМ) тобы көктемде Өзбекстанға теракт жасамақшы деп мәлімдеген өзбек ұлттық қауіпсіздік қызметі өкілінің сөзіне кейбір сарапшылар күмән білдіреді.

(ҰҚК) офицері Әлішер Хамдановтың «ИМ содырлары 2015 жылдың көктемінде Өзбекстанға террорлық шабуыл жасауды жоспарлап отыр» деген сөзі берілген.

«Өзбекстанда (былтыр) қолға түскен ИМ мүшелерінің іс-әрекеті адамдарды өз қатарына тартумен шектелмейтін тәрізді» деген Хамданов.

Ол Өзбекстан билігінің Ауғанстанмен шекарадағы қауіпсіздікті күшейту шараларына көшкенін, оған ИМ тобы туралы ақпараттың, Ауғанстанда апиынның мол өнімі алынғаны мен биыл наурызда Өзбекстанда президенттік сайлау өтетіні себеп болғанын айтқан.

СЕНІМДІ ДЕРЕК ПЕ?

ҰҚК өкілінің айтуынша, Өзбекстанның құқық қорғау органдары «Өзбекстанның ислам қозғалысының» (ӨИҚ) мүшелерінен және 2014 жылдың қарашасы мен желтоқсанында Өзбекстанда тұтқындалған ИМ мүшелерінен түсініктеме алған». Қолға түскендер 2013 жылы Пәкістанда әскери дайындықтан өтіп, 2014 жылы жастарды ИМ тобына қосуға үгіттеу үшін еліне оралған Өзбекстан азаматтары екен.

Хамдановтың ИМ тобы туралы айтқандары Ресей мен Орталық Азияның баспасөз құралдарында кеңінен жарияланды. ИМ төнетін қауіп туралы пікір басқа да әсіредіншіл топтардың Орталық Азияда белсенділік таныта бастаған кезге сай келді.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жоқа) мен Өзбекстан президенті Ислам Каримов. Ташкент, 10 желтоқсан 2014 жыл.Ресей президенті Владимир Путин (сол жоқа) мен Өзбекстан президенті Ислам Каримов. Ташкент, 10 желтоқсан 2014 жыл.

Желтоқсан айында Өзбекстан президенті Ислам Каримов ресейлік әріптесі Владимир Путиннен аймақтағы экстремизммен, соның ішінде Ауғанстан мен Сирия және Ирактағы ИМ тобы тараптарынан төнетін қауіп-қатерге қарсы күресуге көмектесуді өтінген.

Бірақ, «Өзбекстан мен Орталық Азияның басқа республикаларына ИМ тобынан белгілі бір деңгейде қауіп бар болса да, оның мөлшерін анықтау қиын» дейді Қазақстанда тұрып жатқан тәуелсіз журналист Джоанна Лиллис.

Оның пікірінше, Каримов экстремистерден (арасында ИМ де бар) қорғанған адамның рөлін ойнап отыр. ИМ содырларының Өзбекстанға лаңкестік жасау жоспары жайлы ақпанның 2-сінде тараған мәліметтің мазмұнына мән беріп, дереккөзге назар аудару керек дейді Лиллис.

Тәуелсіз журналист ақпараттың алғаш рет CentralAsiaOnline.com сайтына шыққанына назар аударады. Негізінен Өзбекстан мен Батыстағы қауіпсіздік мәселелеріне көңіл бөлетін бұл сайтты АҚШ қарулы күштерінің орталық басшылығы қаржыландырады.

«Дереккөз (Хамданов) бұрын соңды ҰҚК өкілі ретінде пікір айтқан емес» деді Лиллис Азаттыққа.

ИМ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗБЕКТЕР

Сирияда соғысып жүрген өзбектердің нақты саны белгісіз болғанымен, Өзбекстан азаматтары мен Орталық Азияның басқа елдерінен, әсіресе Қырғызстаннан барған этникалық өзбектер жайлы деректер жеткілікті.

Сирияда "Ислам мемлекеті" тобы құрамында соғысып жүрген өзбек азаматы (видеодан скриншот).Сирияда «Ислам мемлекеті» тобы құрамында соғысып жүрген өзбек азаматы (видеодан скриншот).

Өзбектер ИМ тобы қатарында және Ауғанстандағы Талибан қозғалысына адал болуға серт берген Имам Бухори Жамаат тәрізді топтармен біргесоғысып жүр.

Халықаралық дағдарыс тобының жақындажариялаған есебінде Орталық Азия азаматтарының арасында өзбектердің ИМ тобына көптеп қосылғаны айтылады. Баяндама дерегі бойынша және 2014 жылдың қыркүйегінде сұхбат берген ресейлік шенеуніктің сөзіне сенсек, Сириядағы өзбектердің саны Ташкент мәлімдегендей 500 емес, 2500-ден асуы мүмкін.

Иоанна Паражчуктың мақаласын ағылшыннан аударған – Динара Әлімжан.

http://www.azattyq.org/content/uzbek_intelligence_agent_islam_state_planning_series_of_attacks/26829046.html