Өзбекстанның сот органдары АҚШ-тың үш азаматын евангелия христиан-баптистер қауымының пайдасына миссионерлік үгіт-насихат жүргізгені үшін елден шығару туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Өзбекстан Жоғарғы соты хабарлаған (ҚазТАГ).
«Тэйлор Деррик Антони, Джеймс Мартин мен Хелмут Клейтон Өзбекстанға келу мақсаты ретінде туризмді көрсеткен, бірақ тергеу амалдарының барысында олар миссионерлік сипаттағы DVD-ға салынған ақпаратты таратқаны анықталды», — деп көрсетті ақпарат көзі.
Олар Өзбекстан халқының арасына тарату үшін өзбек және тәжік тілдерінде діни ақпараттар мен фильмдері бар 450 электронды тасымалдағыш әкелген. АҚШ азаматтары Өзбекстанға Қырғызстан арқылы келген. Одан әрі олар Арменияға өтіп, сосын Грузия, Иран және Түркияда аялдауга ниеттенген.
Дуанабай Жолдасбек