Қайырымды, мәрт жандар күйзеліс жағдайына төзімді болып, ұзақ өмір сүреді. Американың Буффало қаласындағы Нью-Йорк университетінің ғалымдары мұны зерттеудің нәтижесінде растады healthinsuranceoutlet.com
Майкл Поулин бастаған ғалымдар 846 адамды бес жыл бойы зерттеген. Респонденттердің өзгелерге қиын жағдайда берген көмектері, олардың өзінің күйзелісті бастан кешуі, денсаулығына байланысты мәліметтері есепке алынды. Зерттеудің нәтижесінде адамгершілігі жоғары, кеңпейіл, қолы ашық адамдардың күйзеліс жағдайларына төзімді болғаны анықталды. Айталық, өзгелерге қол ұшын бергіш адамдардың көбі ауыр науқастар, қаржы дағдарысы, төтенше оқиға сияқты келеңсіздіктерді бастан кеше отырып, ұзақ сүрген болып шықты.
http://alashainasy.kz